Жетісу полициясы халықтың назарын электрлі самокаттарды пайдалану ережелеріне аударды

Ақсу ауданында полицейлер «Жолдағы қабылдау» акциясын ұйымдастырды

16 Jun 2023, 14:50
1 mins read
1022
Ақсу ауданында полицейлер «Жолдағы қабылдау» акциясын ұйымдастырды
ДП области Жетісу

15-16 маусымда Ақсу ауданының полиция қызметкерлері азаматтарға жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау саласында консультативтік және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Жолдағы қабылдау» форматында акция ұйымдастырды.

 

«Іс-шара полицияның ашықтығы мен қолжетімділігі қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Консультативтік топтарға, аудан орталығының көшелерінде азаматтарды қабылдауды ұйымдастырған, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция қызметкерлері және патрульдік полицейлер кірді», – деп атап өтті Ақсу ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Аслан Қабдығалиев.

 

Екі күн ішінде «Жолдағы қабылдауға» 30-дан астам адамдар, көбіне жол қозғалысы, көліктерді тіркеу және қайта тіркеуді ұйымдастыруға байланысты мәселелерді қозғап, арыз-шағымдарын айтты.

 

«Кейбір мәселелерді шешуде заңгерлік кеңес беру және құқықтық көмек көрсетумен қатар, азаматтардың өтініштері жазбаша түрде қабылданды. Яғни, егер мәселе сол жерде шешілмесе, онда жазбаша өтініш толтырылды. Мәселен, азаматтар белгілі бір учаскелерге жол таңбаларын немесе белгілерді қоюды ұсынды. Ол үшін полиция қызметкері сол жерге барып, оларды орнатудың орындылығын тексеріп, қажетті өлшеулер жүргізіп, заңнама талаптарына сәйкес учаскенің орналасқан жерін тіркеуі қажет. Содан кейін шешім қабылданып, ол туралы азаматқа заңда белгіленген мерзімде хабарланады», – деп толықтырды А. Қабдығалиев.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Today